Сот төрағасы семинар-кеңес өткізді

Шараға аудан прокуроры А.Таженов, полиция бөлімінің басшысы А.Утегенов, адвокаттар Р.Измаханов пен А.Елеуов қатысты.
Сот төрағасы өз баяндамасында Жоғарғы Соттың Түсіндірмесінің мазмұнын баяндап, ондағы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларды қолдану жөніндегі сұрақтар бойынша түсіндірмелерге назар аудартып, ТЖ режимінің енгізілуі еңсерілмейтін күш мән-жайы болып табылатынын, ТЖ-ды еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде анықтау үшін сотқа бөлек талаппен жүгінудің қажеті жоқ екендігін, өйткені ТЖ дәлелдеуді қажет етпейтін, жалпыға белгілі факт болып табылатыны туралы айтып өтті. ТЖ режимі талап қою мерзімінің өтуіне тоқтау салатынын да тілге тиек етті.
Шара соңында қатысушылар тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.