Арал аудандық соты хабарлайды

Барлық талап арыздар, қылмыстық, әкімшілік істер, хат хабарлар төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тек электронды түрде қабылданады;
Процессуалдық мерзімдері бар сот істерінің қаралуы неғұрлым кеш мерзімге шегерілді;
Мұндай процестік мүмкіндік болмаған жағдайда, сот процестері қашықтықтан, электрондық технологияларды қолдана отырып өткізіледі («TrueConf» және т.б. ұялы қосымшалар арқылы);
Азаматтарды қабылдау, «Ашық есік күндері» уақытша тоқтатылады;
Осыған байланысты тұрғындарға, атқарушы және құқық қорғау органдарына, адвокаттар қауымдастығы мен БАҚ өкілдеріне туындаған ахуалға түсіністік танытуды және өтініштерді, істер мен материалдарды сотқа беруді неғұрлым кейінге шегеруді сұраймыз.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.