Несиені төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға несиелік демалыс беру идеясы туралы айтты. "Қазіргі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шара қарастырылуда", - деп жауап берді ол.
Вице-министр коронавирустық пандемия салдарынан Қазақстан экономикасына келтірілген залалды атай алмады. Оның айтуынша, есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленіп жатыр екен. "Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді. Сондықтан күтейік", - деді Мәдиев.
Айта кетейік, 15 наурызда ҚР президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.