Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде заңды тұлғалардың меншік құқықтары жариялы болуы мүмкін

Елімізде заңды тұлғалардың меншік құқықтары жариялы болуы мүмкін

 ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы таныстырылуда, деп хабарлайды inform.kz.
«Заңнамалық бастамалар «Doing Business» рейтингінің 8 индикаторы әрекет ететін 39 нормативтік құқықтық актіге 197 түзетуді, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жою және монополияға қарсы реттеу тиімділігін арттыру нормаларын көздейді», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев.
Оның атап өтуінше, 8-топтама аясында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жылжымайтын мүлікке салынатын ауыртпалықтар туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу, сондай-ақ заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке меншік құқықтары туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу реформалары көзделеді.
«Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншік құқықтары туралы ақпарат барлық тұлғалар үшін еркін қолжетімділікте орналасқан. Аталған реформаның бес жыл бойы Қазақстанда іске асыруға ұсынылғанын атап кеткен жөн. Бүгінде біз аталған реформаны бастапқы кезеңде тек заңды тұлғалар бойынша ғана іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Жасұлан Мәдиев.

23 қаңтар 2020 ж. 681 0