Билер Кеңесі қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды

Сот талқылауы барысында, төрағалық етуші судья Бертай Cерік Мұратбайұлы тараптарға татуласу мүмкіндіктері мен құқықтарын түсіндіріп, тараптар Арал ауданының Билер кеңесінің көмегіне жүгінген.
Өмірлік тәжірибесі мол, Билер кеңесінің мүшелерімен жүргізілген татуластыру шараларының нәтижесінде, тараптар бітімгершілікке келіп, жәбірленуші сотқа сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.
Осының негізінде, сотталушы М. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.