Сот бұзақылық фактісі бойынша медиативтік келісімді бекітті

Сотта тараптар кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісімді сотқа ұсынған. Медиативтік келісімге сәйкес, сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде, сотталушы К. Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Осылайша медиацияның қылмыстық процесте қолданылуы, сотталушымен жәбірленушіге келтірілген залалдың тез өтелуіне, сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындардың қоғамнан оқшауланбай түзелуіне мүмкіндік бермек.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.