Сот орындаушысының қаулысы санкцияланды

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 33-бабының 1-бөлігіне сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
Сотпен борышкердің сот актісін орындамауына байланысты Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы санкцияланды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі