Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағы өтеді

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Сіздердің үйлеріңізге Ұлттық статистика бюросының интервьюері барады.

Оның арнайы киім формасы мен бейджі болады, маманның аты-жөнін sanaq.gov.kz сайты арқылы тексеруге болады.

Сұрақтарға ашық әрі шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз – бұл деректер өңіріміздің және жалпы аграрлық саланың дамуына ықпал етеді.

Барлық жауап құпия сақталады, басқа мемлекеттік органдарға берілмейді және заңмен қорғалған!

Барлық сұрақ бойынша 1446 нөмірі арқылы байланыс-орталығына хабарласыңыз, жұмыс уақыты 9.00-ден 21.00-ге дейін, қоңырау шалу – тегін.
18 қыркүйек 2025 ж. 270 0