Медицина қызметкерлеріне МӘМС жүйесіндегі өзгерістер таныстырылды

Басты мақсат – халықты МӘМС жүйесімен кеңінен қамту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Қор филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаеваның айтуынша, 2026 жылдан бастап енгізілетін бірқатар өзгерістер ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді:
•8 әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диагностикалық тексерулер;
•Амбулаториялық диализ;
•Жоғарғы асқорыту жолдарының, қалқанша безі, жүрек-қан тамырлары және генетикалық аурулар сияқты 12 түрлі созылмалы ауру бойынша амбулаториялық және стационарлық қызметтер;
•Онкологиялық скринингтер - МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін.
Сондай-ақ, кездесу барысында медициналық этика, беделді басқару, пациенттермен кері байланыс және тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.