Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алда тағы да күн суыта ма?

Алда тағы да күн суыта ма?

Қазгидромет 25, 26, 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы:
Батыс: түнде 12-17 градустан 2-7 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 20-28 градустан 10-23 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыс: түнде 7-15 градустан 3-11 градусқа дейін, күндіз 23-29 градустан 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік: түнде 10-16 градустан 5-13 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-25 градусқа дейін төмендейді.
Орталық: түнде 5-13, күндіз 20-25 градус жылы.
Шығыс: кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 15-25 градустан 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік: түнде 5-15, күндіз 25-30 градус жылы.
Оңтүстік-шығыс: түнде 5-13 градустан 7-15 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 15-27 градустан 22-30 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: Н. Нұржаубай
24 қыркүйек 2025 ж. 191 0