Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше жандарға қолайлы инфрақұрылым жасау – басты назарда

Ерекше жандарға қолайлы инфрақұрылым жасау – басты назарда

“AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында аудан көлеміндегі бірқатар әлеуметтік нысандарда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастырып, олардың қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасау.

Тексеру барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы пандустардың орнатылуы, қызметкерлерді шақыру қоңырауларының жұмыс істеуі, ерекше жандарға арналған автотұрақтардың қолжетімділігі назарға алынды. Сонымен қатар бағыттаушы тактильді жолақтар мен кедергіні ескертетін тактильді плиткалардың дұрыстығы, брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақташалардың және бағыттаушы белгілердің заң талаптарына сәйкестігі қадағаланды.

Мониторинг барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, ерекше жандар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.
#“AMANAT”
26 қыркүйек 2025 ж. 240 0