"Кедергісіз келешек" жобасы аясында зерделеу жұмыстары жүргізілді

"Кедергісіз келешек" жобасының мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, оларды қолдау.
Мониторинг барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, мүгедектігі бар жандарға арналған автотұрақ, бағыттаушы тактильді жолақтар, кедергіні ескертетін тактильді плиткалар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақтайша, бағыттаушы белгілер, мүгедектерді қабылдайтын орындардың заңдылыққа сәйкес болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мониторингтік зерделеу жұмыстары алдағы уақыттарда жалғасатын болады.
