Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы – «AMANAT» партиясының басты назарында

Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы – «AMANAT» партиясының басты назарында

2021-2022 жылы бірқатар саяси шаралар орын алды. Атап айтатын, болсақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси жүйені ырықтандыру, бәсекелестікті күшейту және азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлін арттыру бойынша процестер іске қосылды.
Жалпыұлттық референдум болып, Ата заңға тиісінше өзгерістер енгізілді. Сондай – ақ Президент сайлауы өтті. Мұндай саяси маңызды шараларды атқару барысында «AMANAT» партиясының қосқан үлесі зор. Халықтық коалицияның мүшесі ретінде аудандық қоғамдық штаб құрылып, аудан бойынша үгіт – насихат жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы – партияның басты назарында. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген Арал ауданы бойынша Жол картасында 2025 жылға дейін 98 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдардың сапасын, экологиялық жағдайды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, таза ауызсумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және тағы басқа бағыттары бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар. Атап айтқанда, орындалған іс-шаралар шеңберінде жаңа мектептер салынып, авто жол төселді, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар іске қосылып, бірқатар кәсіпорындардың қуаттылығын кеңейту жұмыстары қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 11 айына сайлауалды бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау нәтижесі бойынша орындалғаны 61 (62,2%), мерзімі бар 15 (15,3%) шара.
Партиялық жобалар аясында халықтың игілігі үшін шаралар ұйымдастырылды.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мобильді топ мекеме алдындағы пандустың стандартқа сәйкестігін тексерді.
Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясы азық – түлік өнімдерінің бағасы, жанар – жағар май бағасының тұрақтылығы бойынша күнделікті мониторинг жұмыстары жаз айларында ұйымдастырылды.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Жастар рухы жас еріктілері жалғызбасты қарттарға көмектесуді әдетке айналдырды.
31 қаңтар 2023 ж. 541 0