Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік тарихындағы тағы бір белес

Тәуелсіздік тарихындағы тағы бір белес

Бүгін «AMANAT»  партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезді өтті.Онда: AMANAT партиясына ADAL партиясы қосылды; Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдады; Партияның жаңа Төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикері Қошанов Ерлан Жаханұлы сайланды.
Съезд саяси өмірге көптеген өзгерістер әкелді. Соның ішінде «Адал» партиясының қосылуын ерекше айтуға болады. Бұл Мемлекет басшысын реформалар барысы төңірегіне топтастырып, билеуші партияның электоралдық базасын кеңейтуге тиіс.
«Қазір ұйым Мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен, ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. «Аmаnаt» еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра береді, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қ.Тоқаев  партия қатарынан шығуымен оның стратегиялық бағыты өзгермейді. Біз, партия мүшелері, еліміздің саяси өмірінде алдағы уақытта да ерекше орын алатын боламыз.
Қызылорда облыстық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
Ибраимова Лаура Колханат
қызы.
26 сәуір 2022 ж. 716 0