СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Арал аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, «Жастар Рухы» ЖҚ, аудандық партиялық бақылау комиссиясымен бірлескен мониторингтік топ Арал қаласында орналасқан көпсалалы колледжінің жатақханасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында студенттердің жатын орындары, жатақхананың ішкі және сырты құрылысы және тазалығына аса мән берілді.