Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мониторингтік топ бақылау жұмысын жүргізді

Мониторингтік топ бақылау жұмысын жүргізді

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мекемелерге кіріп шығуының қолайлығына мониторинг жасалды. Мониторингтік топ құрамына аудандық мәслихат депутаты Мадинов Дауренбек, "Арал қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді қолдау және қорғау" қоғамдық бірлестігінің президенті, аудандық мәслихат депутаты Жумашева Индира, аудандық партиялық бақылау тобының мүшелері Әзбергенов Әнуар және Сабыржан Ержан кірді. Арнайы жасақталған мониторингтік топ қала орталығында орналасқан Қазпошта және банк филиалдарына партиялық бақылау жүргізді. Орын алған кемшіліктер бойынша ескертулер берілді.

"Толқын" ақпарат

17 ақпан 2021 ж. 582 0