Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрулері үшін ұсыныс-пікірлері әркез назарға алынып отырады. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы бағытта. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын жандарға тиесілі жан-жақты көмек көрсетілуде.
«Кедергісіз орта» бағдарламасына қосымша көмек беріледі. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға болады. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады. Ауданымыздағы әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын боламыз,– деді И. Жұмашева.

