Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция – партияның сенімді тірегі

Фракция – партияның сенімді тірегі

«AMANAT» партиясының Арал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның жаңа құрамы жауапкершілікпен өз міндетін атқаруда. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруды басты бағдар етіп, сайлаушыларға берген уәденің үдесінен шығуда депутаттық қызметін абыроймен атқаруға ден қойған фракция мүшелерінің жұмысы жүйелі.

Осы орайда, Арал аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ұзақов Батыржан сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар аясында: 
Депутаттық фракция мүшелері сайланған күннен бастап, өз құзыреттілігіміздің аясында бірқатар шараларды жүзеге асырудамыз. Халықпен кездесіп, халықтың өтініштеріне сәйкес оң шешімін табу мақсатында тиісті депутаттық сауалдар жолдаудамыз, Жақында ғана өткен фракцияның кезекті отырысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жастар саясаты салаларындағы партияның сайлауалды бағдарламасындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Бұл мәселе бойынша салалық бөлім басшылары және Арал қаласының баяндамасын тыңдадық. Фракция мүшелері тарапынан мектепке дейінгі білім беру, мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, мектеп медицинасын жоғары деңгейде ұйымдастыру, спорт, мәдениет нысандарының қолжетімділігі сынды мәселелер көтерілді. Партиялық бақылау комиссиясы құрамында енгізілген фракция мүшелері апта сайын мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Соның бірі, Арал қаласында орналасқан диализ орталығында жүргізілген мониторинг жұмыстары – деп ақпар берді.
Жол мәселесіне байланысты, Бекбауыл ауылдық округі тұрғындарының өтінішіне сәйкес, Құмбазар елді мекендерінің аралығындағы және аталған елді мекендерді ішкі жолдарынан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Балықшы» каналына шлюз салынды. Өз қаражат есебімнен, Жетес би ауылдық округіне көпір құрылысына қаржыландыру жасалды. «Taza Like» акция аясында 2100 түп тал көшеттері алынып, тал егу шаралары жүзеге асырылды.
"Толқын" ақпарат
27 шілде 2023 ж. 273 0