Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: 25 елді мекенде 32 инвестициялық жоба іске асырылады

Қызылорда: 25 елді мекенде 32 инвестициялық жоба іске асырылады

Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Оған Сайлауалды бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау тобының жетекшісі Нұрғали Қордабай қатысып, республикалық және облыстық Жол карталардың 2021 жылға орындалуы және ағымдағы жылдың І тоқсандағы атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.
Жобалау тобы жетекшісінің айтуынша 2021 жылы Жол картаның іс-шараларын жүзеге асыруға барлығы 105,5 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның 31,7 млрд. теңгесі облыстық, 73,8 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен. Ал ағымдағы жылға Жол карта іс-шараларын орындау мақсатында, барлығы 109,1 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның 27,4 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған 81,9 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен қаралған. Биылғы жылы Жол картаның тармақтары аясында өңірімізде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау объектілерімен қоса ауылдарды жаңғырту мақсатында Қызылорда облысының 25 елді мекенінде 32 инвестициялық жоба іске асырылмақ.
Сайлауалды бағдарламаның 2021 жылы жүзеге асырылуына жүргізілген талдау, Жол картаның жақсы деңгейде орындалғанын көрсетеді. Мәселен, партияның облыстық, қалалық және 7 аудандық Жол карталарында өткен жылға 717 іс-шара жоспарланса, олардың 96,0% орындалған.
Бұл туралы облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ләйлә Төрешова атап өтті.
Жиында сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес депутаттар рейтингісі туралы мәселе де қаралды. Фракция мүшелері әрбір бағыт бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып ұсыныстарымен бөлісті.

kyzylorda-news.kz
15 сәуір 2022 ж. 1 730 0