Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарға 36,17 млрд теңге қаржы төленді

36,17 млрд теңгенің 22,41 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 13,76 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.
2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 60 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасалды, оның ішінде – 30 мемлекеттік медициналық ұйым, 30 - жеке меншік.
Барлығы 65,82 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 42,81 млрд теңге (65,04%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 23,01 млрд теңге (34,96%) МӘМС қаржысы құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі