Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз, көктайғақ, қатты жел: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Аяз, көктайғақ, қатты жел: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 5 қазанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жетісу облысында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, ал Талдықорғанда түнде 1-3°С аяз күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде көктайғақ, қалың қар мен тұман болжануда.

Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шымкент пен Ақтауда да жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болады.

Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында күндіз шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Солтүстік Қазақстанда да желдің күшеюі күтілсе, Қостанай мен Ұлытау облыстарында өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ауа райына байланысты жолда аса мұқият болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Фото: Н. Нұржаубай

04 қазан 2025 ж. 272 0