Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өтірік өмір сүрдім» деген актриса әйел бақытын сезіне алмағанын айтты

«Өтірік өмір сүрдім» деген актриса әйел бақытын сезіне алмағанын айтты

Aктриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың «Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына берген сұхбатына қатысты жауап берді деп жазады Democrat.kz.
 Актриса бұрынғы күйеуінің сұхбат барысында өтірік айтып отырғанын айтып күйінді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.«Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан.
Еркек басымен «жертва» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып, тартысып бір үйде жай тұрып жаттық. Толық айтамын бәрін. Киноға жасаған қастаңдығы. Мені қызғансаң да өнерімді тартып ала алмайсың. Бақытты болып өмір сүрмедік. Уылжып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім ай…», – деді Бадықова.Дариға Бадықова ажырасып кеткен уақыттан бері күйеуіне ақша беріп келгенін айтты.«Кеткен әйел қашан да жаман .Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін. Кетіп қалсам да ақша сұрап мазамды алған. Кейінгі кезде ақша бермей қойғанмын. Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты берме деп. Ақша бермей қойғасын шығарып отыр осы әңгімені», – деді продюсер Бадықова.

Фото: Әлеуметтік желіден
syrboyi.kz
06 қазан 2025 ж. 252 0