Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш жыл бойы зейнетақы өседі

Алдағы үш жыл бойы зейнетақы өседі

Қазақстанда 2026-2028 жылдар аралығында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Бұл туралы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, “Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру” бағыты бойынша шығындар көлемі төмендегідей болады:

2026 жылы – 6,83 триллион теңге,
2027 жылы – 7,51 триллион теңге,
2028 жылы – 8,09 триллион теңге.
Бұл қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеу;
Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүргізу;
Мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу;
Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;
1,5 жасқа дейін бала күтімімен отырған ата-аналар үшін зейнетақы жарналарын субсидиялау.
Орташа зейнетақы мөлшері:

2026 жылы – 103 687 теңге,
2027 жылы – 108 940 теңге,
2028 жылы – 113 995 теңге.
2026 жылдан бастап Базалық зейнетақы көрсеткіші:

ең төменгі базалық зейнетақы – күнкөріс минимумының 70 пайызы,
ең жоғарғысы – 118 пайызы болады.
Ал 2027 жылдан бастап ең жоғары базалық зейнетақы 120 пайызға жетеді.

Сәйкесінше, орташа базалық зейнетақы мөлшері:

2026 жылы – 54 082 теңге,
2027 жылы – 58 276 теңге,
2028 жылы – 61 527 теңге болады деп жоспарланған.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
08 қазан 2025 ж. 114 0