Кәсіпкерлікті қолдау – тұрақты өсім кепілі
Еліміздің экономикалық дамуының басты тірегі – шағын және орта бизнес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы халыққа арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті ел экономикасының басты тірегі ретінде айқындап, бизнеске жаңа серпін беретін бірқатар бастамаларды жария етті. Президент өз сөзінде еліміздің экономикалық дамуының жаңа кезеңі кәсіпкерліктің өркендеуімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Мемлекет басшысы: «Кәсіпкерлер – ел дамуының қозғаушы күші. Оларды қолдау – тұрақты экономикалық өсудің басты шарты», – деді.Соңғы жылдары аудандарда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарып келеді. Біздің ауданда да бұл бағыттан қалыс қалып отырған жоқ. Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және өндіріс саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі табысты жұмыс істеуде.
Аудан тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Биыл 1 қыркүйекте ауданымызда жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 984 бірлікті құрады. Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 4 815 бірлікті құрап, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 96,6 пайызды құрады.
169,7% |
Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп орындары 23,6 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,3 пайызға артқан.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 15,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсетті.
– Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі
24,1 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда
188,8% пайызды құрады. 2025 жылы аудан көлемінде
7 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған болатын. Оның ішінде 2 жоба іске қосылды. Атап өтер болсам, «Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы. Жоба құны – 300 млн. теңге. Жұмыс орындары – 10 адам. «Sinooil» ЖШС-нің «Жанар-жағармай құю станциясын салу» жобасы. Жоба құны – 500 млн теңге. Жұмыс орындары – 10 адам. Сонымен қатар жыл соңына дейін іске асырылуы жоспарланған құны 5,7 млрдболатын5 жоба іске асырылу сатысында. «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд теңге. Жұмыс орындары – 23 адам. «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-нің «Арал ауданында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу» жобасы. Жоба құны – 1 млрд теңге. Жұмыс орындары – 15 адам. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзының өндірісі» жобасы. Жоба құны – 1 млрд теңге. Жұмыс орындары – 20 адам және өзге де жобалар бар, – Арал ауландық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ренат Жанаев.
2026-2027 жылдар аралығында
8 жоба іске асырылады деп күтілуде. Атап кетсек, «Альхена» ЖШС-нің «Қуаттылығы 30 Мвт күн электр станциясын салу» жобасы. Жоба құны – 8,2 млрд теңге. Жұмыс орындары – 25 адам және «Camel Pro» ШҚ - ның «Заманауи су сақтау технологияларды пайдалана отырып жоғары калориялық жоңышқа өсіру» жобасы. Жоба құны – 2,6 млрд теңге. Жұмыс орындары – 26 адам. Сонымен бірге «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Арал қаласының маңынан жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығын және логистикалық орталық ашу» жобасы. Жоба құны – 1,8 млрд теңге. Жұмыс орындары – 61 адам. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Балық шаруашылығын ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны – 685 млн теңге. Жұмыс орындары – 12 адам. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жүн мен теріні бастапқы өңдеу, қалдықтарды және кондициялық емес шикізатты құрама жемге қайта өңдеу зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны – 1,2 млрд теңге. Жұмыс орындары – 37 адам, «Алаш Метан» ЖШС-нің «Арал қаласының маңынан автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясын ашу» жобасы. Жоба құны – 600 млн теңге. Жұмыс орындары – 10 адам, «Арал Проф Н» ЖШС-нің «Арал қаласында құрылыс материалдарын өндіру бойынша база ашу» жобасы. Жоба құны – 482,9 млн теңге. Жұмыс орындары – 36 адам. Сондай-ақ «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Арал қаласында мотоцикл құрастыру зауыты» жобасы. Жоба құны – 1 млрд. Жұмыс орындары – 15 адам. Қазіргі таңда зауыт ғимаратының құрылысы жүргізілуде және басқа да жобалар жоспарлануда.
– Биыл қаңтар-тамыз айлары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 80 жоба несиелендірілген болатын. Оның ішінде, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 24 жоба және де «ІІ дәрежелі банктердің жеңілдетілген несиелері» арқылы 7 жоба. Сонымен қатар, «Байқоңыр» ӘКК несиелері (Ауыл аманаты) арқылы 35 жобасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы 14 жобасы, – деді Ренат Жанаев.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік гранттық бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға қолдау көрсетіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып келеді. Жыл басынан 1 572 800 тг көлемінде қайтарымсыз грант қаражаттары 138 адамға табысталды. Барлығы 217 миллион теңгені құрады.
– Ең басты мақсатымыз – ауданымызда кәсіпкерлік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру. Жаңа өндірістік аймақтар құру, жас кәсіпкерлерге арналған оқу бағдарламаларын ұйымдастыру және цифрлық жүйелерді енгізу бағытында нақты жоспарларымыз бар, – деді бөлім басшысы.
А.НҰРЛАНОВА









