Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті өркендету – партия назарында

Кәсіпкерлікті өркендету – партия назарында

Бүгінде елімізде кәсіп бастаймын деген жанға қолдау жан-жақты көрсетілуде. Өйткені кәсіпкерлік ел экономикасының бойына қан жүгіртетін ең қажетті саланың біріне айналды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Кәсіпкерлікке қолдау көр- сеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек»,– деп нақты тап- сырма берген болатын. Осының негізінде еліміздің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Оның ішінде ауданымызда да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді.
Осыған орай, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанағат Махамбетова ауданымыздағы кәсіпкерлермен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіледі. Әсіресе ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқаратын болады. «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға күш салады. Мінекей, осы шаралар нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 96 пайызға жеткізу көзделген, – деді Қ.Махамбетова.
Келелі кездесуде үміткер Қанағат Махамбетова партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін алға тартып, «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізетінін, әрі аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатынын жеткізді.
Еркін пікір, ашық әңгіме арасында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды және партияның кәсіпкерлікті демеуде алғы шептен көрінетінін айтып, алғысын білдірді. 

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 555 0