Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік - тұрақты қоғамның негізі

Кәсіпкерлік - тұрақты қоғамның негізі

Аудандық мәслихат депутаттағына үміткерлер және белсенділер кәсіпкерлермен кездесті.
- Кәсіпкерлік саласы жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің партия кәсіпкерлікті дамыту әрі қолдау үшін бірқатар жағдайлар жасап отыр. Бірақ, соған қарамастан, пандемияның салдары әлі де байқалады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлық әсер етті. - деді, аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Т.Бисембаев
Кездесу барысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары және пандемия кезінде бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай - ақ жеке кәсіпкерлерді қолдау туралы хабардар етті. Кәсіпкер өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді
12 желтоқсан 2020 ж. 427 0