19 қазанға арналған ауа райы болжамы
 "Қазгидромет" 19 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" 19 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік болады деп болжануда. Ал Алматы облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігі, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығы, Алматы облысының солтүстігі, Қостанай облысының оңтүстігі, Батыс Қазақстан облысы және Ұлытау облысының оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі күтіледі.
Фото: ашық дереккөзден алынды






 
		 
		



