Әскери сала мамандары шеберлік сағат өткізді
 Бүгін “AMANAT” партиясының “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы аясында жастарға арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылып, әскери сала мамандары арнайы шеберлік сағатын өткізді. Шара ел жастарының бойына патриоттық рух дарытып, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу, сондай-ақ әскери қызметтің маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында өткізілді.
Бүгін “AMANAT” партиясының “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы аясында жастарға арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылып, әскери сала мамандары арнайы шеберлік сағатын өткізді. Шара ел жастарының бойына патриоттық рух дарытып, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу, сондай-ақ әскери қызметтің маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында өткізілді.Жиынға аудан жастары, мектеп оқушылары, колледж студенттері және белсенді еріктілер қатысты. Кездесу барысында әскери қызмет сарбаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, әскери дайындықтың негізгі бағыттары, тәртіп пен антына адалдық туралы кеңінен баяндады.
Арнайы мамандар қатысушыларға саптық дайындық элементтері, алғашқы әскери жаттяғулар, командалық тәртіп және әскери құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін көрсетті. Сонымен бірге әскери өмірдің ерекшеліктері, жауынгерлік дайындықтың маңызы және жастардың әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы мағлұмат берілді.

 #АМАНАТ
#АМАНАТ
		





 
		 
		



