ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 29 СӘУІР
Балықтар
Арманыңызға жетуге қойған бағытыңыз дұрыс, енді осыған жетуге қысқалау жолды табу ғана қалды. Денсаулығыңыз үшін жаңа әдістер еңгізіп, өжеттеніңіз! Өзіңіздің сүйгеніңізге көңіл бөліңіз, бір жаққа серуендеуге барыңыз, мейрамханаға немесе достарыңызға қонаққа барыңыз.
Суқұйғыш
Айналаңыздағыларға жылы қабақ танытып, барынша жұмсақ, кішіпейіл болуға талпыныңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға баспақ. Көптің көзіне қандай да бір кері істеріңізбен көрініп қалмауға тырысыңыз. Бәріне де мұқият болыңыз.
Тауешкі
Сақ болыңыз, сіздің бақытыңызға бақкүндестердің мазасын кетіріп, олар зұлым тілдер мен айлакер сөздері арқылы кері әсер тигізуге тырысады. Сондықтан, бәрі сіздің қолыңызда екенің естен шығармаңыз.
Мерген
Айналаңыздағылардың қас-қабағына қарауға тура келеді. Сондықтан да әр ісіңіз бен сөзіңізге барынша мұқият болғаныңыз абзал. Жақындарыңыздың жанын ауыртпауға тырысыңыз. Қолыңыздан келгенін аямағаныңыз жөн.
Сарышаян
Қаржылық жағдайыңызды реттегіңіз келсе, қандай да бір істі қолға алмастан бұрын асыра сілтеп жібермеуді ойлаңыз. Өйткені оның да өзіндік кері әсерлері жетерлік. Сезімге бой алдырып, көз жұма тәуекелге барудан аулақ болыңыз.
Таразы
Кез келген тәуекелге дайын болыңыз. Бұл да ерлік, бұл да жағымсыз жағдайдан шығудың бір жолы. Бүгінгі күн қарбалас болатындықтан бәріне де үлгеру үшін алдын ала жоспар жасап алғаныңыз жөн болар.
Бикеш
Өткен істі қазбалаудың орны жоқ. Одан да жаңаға бет бұрыңыз, бүгінгі күнмен өмір сүріп, болашаққа жоспар жасай білуге дағдыланыңыз. Өткен өміріңізден қандай да бір жағымсыз естелік болатын дүниелерді ойланбастан лақтырып тастаңыз. Алдыңызға қойған мақсатқа қарай ұмтылыңыз.
Арыстан
Қандай құпия болмасын, оның ашылар, аян болар күні бар. Сондықтан да жасырған шындығыңыз бір күні жарыққа шығары сөзсіз. Оны ұмытпаңыз. Құпия сақтап, уайымда жүргенше, оны айтып, арқаңыздағы жүктен арылғаныңыз өзіңізге пайдалы.
Шаян
Болашаққа тек оңды көзқараспен қарап, бәрінің де жақсы болатынына сеніңіз. Айналаңызда орын алып жатқан жайттарға мұқият болыңыз. Ұсақ-түйектен де үлкен мәселенің шығуы мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Егіздер
Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оңды боларына сенім де мол болмақ. Жаныңызда тіреу болар адамдардың жүргенін білу де бір ғанибет. Көп ешкімге сеніп,бүгін ішіңіздегіні ақтарып салудың қажеті жоқ. Жағдайға қарай көсілгеніңіз жөн.
Торпақ
Бойыңыздағы күшіңізді бекер жұмсамау үшін бұл күні отбасы мен жеке өміріңіздегі орныңызды айқындап, айналаңыздағыларға түсіндіріп алғаныңыз жөн болар. Қандай да бір дау-дамайлы әңгімеден алыс жүріп, оны тек сырттан бақылағаныңыз дұрыс.
Тоқты
Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешкісін жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың жанында болыңыз.
http://reactor.inform.kz