Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 26 сәуір

Жұлдыз жорамал: 26 сәуір



Балықтар

Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақындарыңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарларыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.

Суқұйғыш

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.

Тауешкі

Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.

Мерген

Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекеттеріңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.


Сарышаян

Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Сарышаян

Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Таразы

Бүгін болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.

Бикеш

Бүгінгі жоспарланған жұмыстарыңыз толығымен іске аспас, бұл сіздің кінәңіз емес. Сізге белгісіз жағдайларға байланысты сіз кездесулеріңізді кейінге қалдыруға мәжбүр боласыз.Жаңа жаңалықтар естейсіз. Қолыңызға қаржы түсіп жатса, керек әрі пайдалы затқа жұмсаңыз. Қызылға қызыға бермеңіз!

Арыстан

Сақ болыңыз, сіздің бақытыңызға бақкүндестердің мазасын кетіріп, олар зұлым тілдер мен айлакер сөздері арқылы кері әсер тигізуге тырысады. Сондықтан, бәрі сіздің қолыңызда екенің естен шығармаңыз. Өмірлік серігіңіз туралы жамандық естігенде, қызбалықпен әрекет жасамаңыз, ең алдымен сабыр сақтап ойланып алсаңыз, өтірік пен шындықты бірден айыра аласыз.

Шаян

Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.

Егіздер

Бүгін жаңа адаммен жолығады, тың жаңалықтар естиді. Дәл қазір олардың алға қойған мақсатының жүзеге асуы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керектігін түсінеді. Кеш өте қуанышты жаңалық әкеледі.

Торпақ

Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кино театрға барып, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуіңізге болады.

Тоқты

Бүгін еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жақындарыңызбен қарым-қатынастарыңыз жақсарып, жаныңыз жайдарланып бір сергіп қаласыз. Бүгін дүкен аралап киіміңізді жаңартуға да өте қолайлы уақыт.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
26 сәуір 2018 ж. 1 953 0