КІТАП AMANAT: ОҚЫРМАНДАРҒА КІТАПХАНА КӨРМЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін “AMANAT” партиясының “Көктем” бастауыш партия ұйымы “КІТАП AMANAT” жобасы аясында кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған кең ауқымды кітапхана көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара жергілікті оқырмандардың қызығушылығын тудырып, кітапхана қорының жаңа басылымдары мен құнды әдебиеттерін көпшілік назарына ұсынуға мүмкіндік берді.Көрмеде көркем әдебиет, ғылыми-танымдық еңбектер, тарихи зерттеулер, балалар әдебиеті және қоғамдық-саяси бағыттағы басылымдар жан-жақты қамтылды. Кітапхана қызметкерлері әр туындының мазмұнына тоқталып, авторлардың шығармашылық ерекшеліктерін, шығармадағы негізгі идеялар мен заманауи қоғамға берер маңызын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, көрме сөрелеріне отандық авторлардың жаңа еңбектері, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шығармалар және әлем әдебиетінің классикалық үлгілері қойылды.










