Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
"Тек батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады", – деді синоптиктер.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп толықтырды метеорологтар.
01 желтоқсан 2025 ж. 295 0