Жер аманаты – елге қайтарылған құндылық
Арал ауданында 2025 жылы «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Жер аманаты» жобасы аясында жер қатынастары саласында ауқымды әрі нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – пайдаланылмай жатқан, заңсыз иеленілген жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару арқылы жер қорын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру.2025 жылға Арал ауданы бойынша игерілмей жатқан 11 000 гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде нақты жоспар бекітілген болатын. Жыл қорытындысы бойынша бұл меже толық орындалып қана қоймай, артығымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде 8 шаруа қожалығына тиесілі жалпы көлемі 11 100 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың орындалу көрсеткіші 100,1 пайызды құрады. Бұл – аудан көлемінде жер ресурстарын тиімді басқару бағытындағы жүйелі жұмыстың айқын көрінісі.
Жобаның маңызды бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заң талаптарына сай айналымда ұстау. Осыған орай, жалға алу мерзімі аяқталған немесе аяқталуға жақын жер учаскелеріне талдау жүргізіліп, жалпы көлемі 8 946 гектарды құрайтын 9 жер учаскесінің жалға алу мерзімдері ұзартылды. Бұл шешім жерді адал әрі тиімді пайдаланып отырған шаруаларға өз жұмыстарын тоқтатпай жалғастыруға мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, «Жер аманаты» жобасы Арал ауданында жерді халық игілігіне қайтару, заңсыздықтардың алдын алу және жер қорын тиімді басқару ісінде маңызды рөл атқарды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жер – елдің ең басты байлығы екені іс жүзінде дәлелдене бермек.
#АМАНАТ










