Банктерге қарасты пайдаланылмай бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады

«2022 жылғы 25 наурыз күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті мен жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейдегі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырдым. Тек заң саласында», – деп жазды Мұрат Теміржанов.
Сондай-ақ, мемлекеттік бас инспектор негізгі міндет – жер қатынастары саласындағы жағдайды ретке келтіру екенін еске салды.
kyzylorda-news.kz