Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин министрлерге тапсырма берді

Мамин министрлерге тапсырма берді

BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізге ауыл шаруашылығы саласындағы кадрлар қажет екендігін айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп, ветеринарияға қажетті кадрларды даярлауды қолға алуы керек. Сонымен қатар, түлектердің кейіннен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын, - деді Асқар Мамин. 
Оның бұлай айтуына себеп, елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен отандық мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті - ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтердің сапалы жұмысына байланысты. 
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында ветеринариялық және фитосанитариялық қызметті күшейту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу міндеті тұр. Жалпы ұсынған шараларды қолдауға болады деп есептеймін. Осыған байланысты тексеру, бақылау және мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырамын, - деді үкімет басшысы.
20 қазан 2020 ж. 476 0