Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы өнімдері қай елдерге экспортталады

Ауыл шаруашылығы өнімдері қай елдерге экспортталады

2018 жылы отандық агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін шетелге экспорттау көлемі артты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бүгінде 13 тауар тобы: балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой еті, бал, бидай, бидай кебегі, соя бұршақтары, сойыс жылқылары, рапс күнжарасы, сиыр еті, жоңышқа пішені, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері бойынша Қытай нарығы ашық.
«Иран тарапымен тірі қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, тағамдық жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілді. Сауд Арабиясы Корольдігімен сою және өсіру үшін отандық ірі қара мал мен ұсақ мал экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой еті экспортталады. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Қытайға экспорттау – 30,4%, Парсы шығанағы елдеріне экспорттау – 4,1 есеге, Иранға экспорттау – 2,1 есеге, Еуроодаққа экспорттау 14,6% артты», - деді ауыл шаруашылығы министрі.
Ведомство басшысы жалпы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі 2018 жылы 24,5%, оның ішінде өңделген өнім экспорты 3,5% артқанын айтты. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін одан әрі кеңейту үшін Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерімен, Еуроодақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
https://baq.kz
18 маусым 2019 ж. 2 320 0