Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Әрбір жеке және заңды тұлға үшінші мемлекеттерге немесе Кеден Одағы аумағы мемлекеттерніне (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения) ауыл шаруашылық жануарларын немесе оның өнімдерін ветеринариялық сертификат арқылы тасымалдайды. Ветеринариялық сертификатты рәсімдеу – ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбесіне енгізілген қызмет түрі. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен реттелген.
Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру үшін өтінішті қабылдау ҚР АШМ ВБжҚК Арал аудандық аумақтық инспекциясының Бас маманы ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары арқылы жүзеге асырылады немесе электронды түрде өтініш берген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz  (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.
Мемлекеттік қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде қызмет көрсетілуі тиіс. Инспектордың мемлекеттік қызмет көрсетуінің ұзақтығы 30 (отыз) минут. Ал құжаттардың толық немесе толық еместігін тексеру мерзімі 2 (екі) күн. Егер өтініш беруші тараптан тапсырылған құжаттар толық болмаса, қызмет көрсетуші жазбаша түрде құжатты кабылдаудан бас тартады.
Ветеринариялық сертификат электронды түрде рәсімделіп, арнайы бланкіде шығарылып, нәтижесі қағаз түрінде беріледі. Қызмет алушы бланкі үшін екінші деңгейдегі банктерге немесе почта арқылы құнын төлейді. Кеден одағына № 1,2,3 формадағы сертификат бланкісінің құны 153тг 72 тиын. Ұлттық ветеринария сертификат бланкісінің құны № 1 формадағы үшін – 99 теңге 96 тиын, № 2 форма үшін – 88 теңге 76 тиын, № 3 форма үшін – 77 теңге 84 тиын.
Мемлекеттік қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар тапсыру қажет:
  • Қосымшаға сәйкес көрсетілетін нысан бойынша өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Өнімдер мен шикізаттарды тасымалдаған кезде ветеринариялық зертхана  берген сараптама актісі;
  • Тірі жануарлар тасымалдағанда ветеринариялық паспорт көшірмесі;
  • Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін төленгендігін растайтын құжат (квитанция)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту тапсырған құжаттар тасымалданатын объектіге сәйкес келмеген жағдайда; тасымалдайтын көлік құралының ветеринариялық талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сай келмегенде; тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды ескере отырып, орны ауыстырылатын объектіні экспорттауға рұқсат болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Экспорттау кезінде тасымалданатын объектіге ветеринариялық сертификат алу үшін Арал ауданы М.Садибеков көшесі № 118 ғимаратында қызмет көрсетіледі. Байланыс телефондары: 2-19-51.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру ветеринария саласы мамандарының басты міндеті болып қала бермек.

К.Жалимбетов
ҚР АШМ ВБжҚК Арал аудандық аумақтық  инспекциясының бас маманы

14 маусым 2018 ж. 2 266 0