Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік  қызметтердіалудың  артықшылығы

Мемлекеттік  қызметтердіалудың  артықшылығы

Кез келген азамат үшін бірінші кезекте «Электрондық үкімет» дегеніміз не және ол не үшін қажет деген сауал туындайтыны сөзсіз. Осы орайда, азаматтар мен мем­ле­кет­тің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қара­пай­ым, қолжетімді және түсінікті ету үшін элек­трон­дық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
Электрондық үкімет құру ісі билік орган­дарының жұмысын анағұрлым тиімді, азамат­тарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрын­дары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқ­шау өмір сүріп», басқалармен байланысқа түсе қоймайтын. Ал, азаматтардың алуан түрлі анық­тама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келді. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін көптеген меке­ме­лердің табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың ай­қын артықшылықтары» тақырыбында аудан­дық семинар болып өтті. Онда аудан әкімі ап­па­ратының басшысы Н.Бохаев ЕлбасымызН.Назарбаевтың биылғы  «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылай келе, электронды үкімет бұл – цифрлық дәуірдің бір көрінісі екенін атап өтті.
–Қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сәйкес анықтаманың барлығын электронды жүйе арқылы алуымызға үлкен мүмкіндіктер туғаны бәрімізге мәлім. Осы ретте айта кету керек, аудан әкіміне қарасты 8 дербес бөлім және қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарында барлығы 98 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілсе, 621 қызметтің түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі. Оның ішін­­де, мемлекеттік мекемелер арқылы элек­трон­­ды түрде көрсетілетін мемлекеттік қыз­мет­­тер–56, ал баламалы қағаз түрінде 42 қыз­­мет көрсетіледі. Өткен жылдың қоры­тын­­дысымен ауданда барлығы 85746 мем­ле­­кеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, мем­лекеттік корпорация (ЦОН) арқылы 12486, ал мемлекеттік органдар арқылы 9414. «Элек­тронды үкімет» порталы немесе кор­порация арқылы қызмет көрсетудің мүмкіндігі бола тұра, тікелей мемлекеттік орган ар­қы­лы ба­ламалы қағаз түрінде көрсетілген қызмет­тердің саны–59575, электронды үкімет пор­талы арқы­лы 4271 қызмет көрсетілген,– деді ол.
Аппарат басшысының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі 6,19 пайыз ғана болса, мемлекеттік орган арқылы баламалы қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі 80,46 пайызды құраған.
Бұл жерде көріп отырғандай, мем­ле­кеттік орган арқылы қағаз жүзінде көрсетілген қызметтердің үлесі ба­сы­мырақ орындалып, электронды үкі­мет порталы арқылы көрсетілген қыз­мет­тер­дің үлесі өте төмен көрсеткішке жетіп отырғанын аңғаруға болады. Яғни, мұндай жағдайлар сыбайлас жем­қор­лыққа алып келудің бірден-бір себебі болып табылады екен. Осы­ған байланысты, бекітілген күн тәрті­біне сәйкес, «Халыққа қызмет көр­сету орталығы» департаменті Арал аудан­дық бөлімінің басшысы Лаура Қол­ға­нат­қызы өзінің «Электронды үкі­мет» порталының артықшылықтары туралы баяндамасын оқыды.
–«Электрондық үкімет» құру идея­сы Елбасына тиесілі. Осы уақыт ішінде электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамудың іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз-деп, әр кезеңді атап өтті. Сонымен қатар, азаматтардың мекен-жай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анық­тама, жылжымайтын мүліктің бар неме­се жоғы туралы анықтама және жеке кәсіпкерлікті тіркеу секілді ең көп алынатын қызметтер барысында, оларға ыңғайлы болу үшін «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік корпора­циясы ұсынатын қызметтердің санының күн­нен-күнге артып жатқанын алға тартты.
Одан соң, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» құжат қабылдау маманы Ләйла Сақ­тапова e-gov «Электронды  үкімет» пор­талының артықшылықтары туралы баяндады. Семинарға қатысушылар e-gov «Электронды  үкімет» порталынан қандай қызмет түрлерін алуға, қандай коммуналдық төлемдер төлеуге бола­тынын ұғынды. Семинарда №62 мектеп-лицейінен  ІТ орталығы ашылатынын және қаладағы бір мектепте пилоттық жобадағы «Смарт мектеп» болатыны айтылды.
Семинар соңында аппарат басшысы Н.Бохаев аудандық білім бөлімінің бас­шысы С.Нұрқожақызы мен қала әкімі Б.Ібірашұлына интернет жүйесі жүр­гі­зілген барлық мектептер мен бала­бақ­шаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұ­рыштарын 20 наурызға дейін ұйым­дас­тырып, оған мектептің оқушыларын тартып, бір қызметкерді кезекші етіп бекітуді тапсырды. Себебі, болашақта көрсетілетін қызметтің сан алуан түр­лері, соның ішінде төлемдер, анықтама және ақпарат алу, тағы басқа қызметтер цифрлық технологияға көшетіні анық. Соған байланысты, бұл семинарға да қаладағы мектеп оқушылары көптеп қа­тысты. Басқосуға жиналған қауым  ал­дағы уақытта жаңа дәуірге қадам ба­сып, жасыл энергия, жаңа ақпараттық тех­но­логияларға кезең-кезеңімен кө­шу­дің бағыттары жайында кеңінен мағлұмат алды.
Света Үсенқұлова.
17 наурыз 2018 ж. 1 622 1

StepGer от 16 маусым 2019 00:42
Levitra Cialis Comparazione Prestazioni Costo Levitra In Chimica Where To Buy Finasteride cialis 5 mg best price usa Kamagra Senza Prescrizione