Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 түрін экспорттайды

2016 жылы көп жылдардан бері алғаш рет бақша өнімдерін экспорттау жаңғыртылды, 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иран, Моңғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорттай бастады. Ал 2018 жылы Қытайға алғаш рет мақсары май жөнелтілді.
Егер 2017 жылы облыс экспортқа 2,2 мың бас қой жөнелтсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 4 есеге артты; 8191 бас мал Ресей Федерациясы мен Иранға жөнелтілді. Сонымен қатар, алғаш рет ірі қара малды союға экспорттай бастады.
Аймақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының болмауына байланысты малды шетелге жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді. Биылғы жылы Қызылорда қаласында қуаттылығы күніне 200 бас ірі қара және 1000 бас ұсақ мал соятын заманауи ет комбинатын салу жоспарланып отыр.