Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және субсидиялауды жүзеге асыру

Аудан аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және субсидиялауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 894 қаулысымен “ҚазақстанРеспубликасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” бекітілген болатын.            Осы бағдарлама аясында фитосанитариялық қауіпсіздік саласы жөнінде бірқатар мәселелер көтеріліп, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фитосанитариялық талаптар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу әдістері мен тәсілдемелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен қолайлы фитосанитариялық ахуалды сақтауға АШТӨ-ні ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленуде.
Жедел фитосанитариялық шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдардың карантиндік режим жүргізіп немесе оны жоя отырып, карантиндік аймақты белгілеу мерзімдерін регламенттеу, АШТӨ-нің фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және карантиндік объектілерді жою жөніндегі заңнама талаптарын сақтауы бойынша мониторинг жүргізу жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды жүргізу мен жою рәсімдерін, басқа мемлекеттердің фитосанитариялық шараларының баламалылығын мойындау тәртібін, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын регламенттеу көзделетін болады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” № 66 Заңының 7-бабының, 2 тарамғына сәйкес,   саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне берілген.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 тамыздағы “Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” № 37 қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы аумағында 4 карантиндік объектілер түрлері белгіленген. Олар: жатаған (қызғылт) кекіре, арам сояулар, калифорниялық қалқаншалы сымыр, қауын шыбыны.
         Осы орайда, бағдарлама аясында,мемлекет тарапынан, үйірлі және саяқ шегірткелердің экономикалық зиянды шегінен жоғары саны бар, сонымен қатар жоғары фитосанитариялық қауіп төндіретін карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар ғана қаржыландыру жоспарлануда.
Қалған аса қауіпті зиянды организмдер зиянды бақашық; астықтың сұр көбелегі; гессен шыбыны; астық қоңыздары; мақта көбелегі; өрмекші кене; саршұнақтар; тышқан тәрізді кеміргіштер; колорадо қоңызы, дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз), зиянды организмдер шалғын көбелегі, бидай трипсі, жағалау шыбыны, карадрина және карантиндік объектілер (оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, қауын шыбыны, мемлекеттікбосалқы жердегі карантиндік арамшөптерді қоспағанда) бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатып алынған препараттардың құнының 50% мөлшерін субсидиялау қарастырылуда.
Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің бекітілген тізімін,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы»2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығынан, зиянды организмдердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» № 217 Қаулысынан қарауға болатындығын хабарлаймыз.
ҚР АШМ АӨК МИК Арал аудандық аумақтық инспекциясының
 өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Б.Ермагамбетов

ҚР АШМ АӨК МИК Арал аудандық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
С.Тойшыбаев
06 қаңтар 2020 ж. 632 0