Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өсімдіктер карантині»: қандай құжат қажет, оны қайдан аламын?

«Өсімдіктер карантині»: қандай құжат қажет, оны қайдан аламын?


Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңына сәйкес, «карантинге жатқызылған өнімдерге карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнім тізбесіне енгізілен және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдік, өсімдіктен алынған өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар болып табылады».
Аталмыш өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағында облысаралық тасымалдауға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификат және де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитарлық сертификат қажет.
Карантиндік, фитосанитарлық сертификат дегеніміз не?
- карантиндік сертификат – мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
- фитосанитарлық сертификат- карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитарлық сертификат беру мемлекеттік көрсетілген қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді.
Аталған құжаттарды қайдан, қалай аламын?
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электронды және қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары аумақтық инспекциялардың стендінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) карантиндік сертификат – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде-3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) фитосанитарлық сертификат беру-көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде-5 (бес)  жұмыс күні ішінде;
Жұмыс кестесі:
-Дүйсенбі-жұмаға аралығында сағат 9:00-дан 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).
-Демалыс және мереке күндері- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көретілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай атқарады.
-Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9:00-дан 17:30-ға дейін жүзеге асырылады(түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы бірер сөз
Мемлекеттік қызмет алу үшін арнайы орталыққа жүгінген кезде, қандай құжаттар қажет болады? Қаперде жүрер кеңеске мұқият назар салыңыз:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдін өкілеттілігін растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін).
3) импорттаушы  елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары (фитосанитарлық сертификат алу кезінде ғана).
Ал электрондық порталда:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартындағы қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
2)импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары (фитосанитарлық сертификат алу кезінде ғана).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға ұсынбауы;
2) карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілер анықталған жағдайда;
3) импорттаушы елдің фитосанитарлық талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда;
4) өтініш берушінің фитосанитарлық сертификат алудан өз еркімен бас тартуы;
5)уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінен ақпараттарды алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өнім иесіне фитосанитарлық сертификатты беруден бас тартуға, жеткізу орынының өзгеру жағдайын қоспағанда, бірнеше рет (2 рет және оданда көп)  қызмет берушінің лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді хабарламау және ұсынбау негіз болып саналады.
Аталмыш мемлекеттік қызметтер толығымен тегін көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз өнімдерді тасымалдау-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 400 бабын бұзу. Ендеше, қажетті құжаттар әрдайым жаныңызда болсын.
Өсімдіктер карантині бойынша туындаған сұрақтарға толық ақпарат алу үшін мына мекен –жайға хабарласуыңызға болады:
Арал қаласы ,М.Сәдібеков көшесі №118 тел.8(72433)2-36-89
Эл.меккен –жай: ermaganbetov.b@minagri.gov.kz
Б. Ермагамбетов, ҚР АШМАӨК МИК-нің, Арал аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
28 тамыз 2019 ж. 1 032 0