Өнім сапасы бақылауда

- Карантиндік сертификат беру бағытындағы жұмыстар өте мұқият әрі үздіксіз жүргізіліп отыруы тиіс. Себебі, күнделікті назардан тыс қалмаған тексеру жұмыстары тұтынушылардың сапалы өнім алуына және кәсіпкерлердің де өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына жағдай тудырады. Деседе, осы бағытта заң бұзушылықтар қылаң беруде. Сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелуде. Нақтырақ айтар болсақ, жыл сайынғы сараптамалық жұмыстардың негізінде бізге белгілі болғандай облыс көлемінде 2016 жылы 48 заң бұзушылық тіркелсе, өткен жылдың қорытындысы бойынша 71 жең ұшынан жалғанған әрекет орын алған. Сондай-ақ, карантиндік нысандар саны да күрт өскен. 2016 жылы бар-жоғы 1 нысан табылса, 2017 жылы мұндай нысанның саны 7-еуге жетті. Құрмадан табылған құрттар тұтынушылардың үрейін тудырғаны белгілі. Біз сол затқа сараптама жүргізіп, өнімнің көзін жойдық,-деп, карантин сертификаттарына кәсіпкерлердің қолжетімділігін барынша тиімді ету, басқа аймақтарға немесе шет ел асатын өнімдерде міндетті түрде заңды құжаттар болуы керектігі баяндалды. Отырыс соңында барша қатысушы кәсіпкерлер тарапынан көкейлерінде жүрген сауалдар жолданып, оларға тиісті жауаптар берілді. Аталған сертификатты берудің жолын оңтайландыру үшін ұсыныстар жасалатыны да айтылды.
«Толқын» ақпарат.