Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пестицидтерді тіркеу куәлігінен айыру немесе қолданылуын тоқтата тұру

Пестицидтерді тіркеу куәлігінен айыру немесе қолданылуын тоқтата тұру

Қазақстан  Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жаңа нормалар енгізілді. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабы 2), 3) тармақшалармен толықтырылды: 2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу): 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған , адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған; 2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген; 3) фтиосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады. Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Сакен Тойшыбаев,
Арал аудандық аумақтық инспециясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы

11 желтоқсан 2019 ж. 726 0