Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда ішкі өнім төрт пайызға өсті - Үкімет басшысы

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда ішкі өнім төрт пайызға өсті - Үкімет басшысы

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен 2019 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика, ауыл шаруашылығы министрлері баяндады. ҚР Ұлттық банкі мен бірқатар өңірлердің әкімдерінің баяндамалары тыңдалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Биылғы қаңтар-мамыр айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылға қарағанда 4 пайыз болды", - деп ҚР Үкіметінің басшысы, экономикалық даму қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Экономиканың негізгі қозғаушы күштері құрылыстың 8,8 пайызға, сауданың 7,5 пайызға, көлік саласының 5,3 пайызға, өңдеуші сектор, оның ішінде машина жасаудың 16 пайызға, автоөнеркәсіптің  46,4 пайызға өсуі болды. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының оң жұмысы байқалды. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин өңірлер әкімдеріне құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп және тұрғын үйді пайдалануға беру салаларында көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. Биылғы мамырда айлық инфляция 0,6 пайыз болды. Осылайша, жыл басынан бері инфляция 2,4 пайызды құрады. ҚР Үкіметінің басшысы белгіленген дәлізге (4-6 пайыз) сәйкестігіне қарамастан, бірқатар өңірлерде ауыл шаруашылығы тауарларына бағаның өсуі байқалғанын айтты. "Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің көп уақыты, сондықтан бағалар арзандауы керек, - деді Аскар Мамин. - Әкімдер, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын". Республикалық бюджеттің орындалуы бойынша конкурстық рәсімдерді уақытылы өткізу бойынша күшейтілген жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Бұл бюджет қаражатын игеру бойынша тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді. Мәселені қорытындылаған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарын және сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың және инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асырудың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады. "Жаңа жұмыс орындарын ашу - Үкімет жұмысының басымдықты міндеті, - деп Асқар Мамин, нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері экономиканың дамуына, тұрғындардың табысын арттыруға, бәсекелі өндірістердің ашылуына тікелей байланысты екенін атап өтті. - Барлық әкімдер және мемлекеттік органдардың басшылары инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнестің дамуына барынша көңіл бөлуі керек.  Бұл жұмысты үздіксіз жүргізу қажет".
https://kaz.tengrinews.kz
11 маусым 2019 ж. 833 0