Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жер шетелдіктерге сатылмайды»: Сапархан Омаров қазақстандықтарды тыныштандырды

«Жер шетелдіктерге сатылмайды»: Сапархан Омаров қазақстандықтарды тыныштандырды

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда шетелдіктердің жерді жеке меншігіне сатып ала алмайтынын айтты,

Өз сөзінде ауыл шарушалығы министрлігінің басшысы соңғы уақытта интернетте шетелдіктерге жердің сатылуы туралы қауесет тарағанын атап өтті. 
Министр бүгінде шетелдік компаниялар да, Қазақстан азаматтары да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншігіне сатып ала алмайтынын айтты. Ол уақытша қолданысқа да берілмейді, дейді. 
«Жер шетелдіктерге сатылмайды және уақытша қолдануға да берілмейді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге сатылып жатқан жоқ және сатылмайды да», - дейді Омаров.

https://stan.kz 

05 шілде 2019 ж. 820 0