ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ – ДЕМОКРАТИЯ МЕРЕКЕСІ
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өтеді. Бұл күн 2005 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен белгіленіп, демократиялық қоғамдағы сайлаудың маңызын арттыруға бағытталған халықаралық мереке болып табылады.
Сайлау – халықтың өз еркін білдіруінің негізгі тетігі. Ол азаматтарға елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік сайлау күнінің басты мақсаты – азаматтардың сайлау құқығын қорғау, әділ әрі ашық сайлау өткізу қағидаларын насихаттау, сондай-ақ жастардың саяси белсенділігін арттыру.
Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның, заңдылықтың және халық билігінің маңызын айқындайтын күн. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – елдің болашағына қосқан үлесі болып табылады.
Өткен жылы 11 аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы заң шеңберінде өткізілді.Атап айтқанда, Аралқұм, Бекбауыл, Аққұм, Райым, Қосжар, Жіңішкеқұм, Аманөткел, Мергенсай, Қарақұм, Беларан, Жетес би ауылдық округ әкімдеріне 33 кандидат, оның ішінде «AMANAT» партиясынан – 8, өзін-өзі ұсынған – 25 кандидаттіркелді.
Аталған сайлауларға барлығы 8 740 сайлаушының 6 660 қатысып, 77 пайызды құрады.
Әкімдерді сайлау науқаны барысында 19 дауыс беру учаскесінде жалпы 216 саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің байқаушылары және сенімді өкілдері қатысты.
Кент және ауыл әкімдерін тікелей сайлау биыл да жалғасады.
2026 жылға өкілеттілігі аяқталатын 2 кент және 1 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоспарланған. Жоспарға сәйкес қыркүйек айына Жақсықылыш кенті мен Ақирек ауылдық округінің әкімдері, қазан айына Сексеуіл кентінің әкімінің сайлауын өткізу белгіленген.
Бұдан бөлек, шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына сайлау өткізу жоспарда бар.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту мақсатында да аудандық сайлау комиссиясы арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес түрлі кездесулер мен ашық есік күндері өткізіледі.
Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның, заңдылықтың және халық билігінің маңызын айқындайтын күн. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – елдің болашағына қосқан үлесі болып табылады.
Нұрбек Зағатов,
Арал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы











