Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні: Сайлау – демократия өлшемі

6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні: Сайлау – демократия өлшемі

Бұл күнді атап өту дәстүрі2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушыларқауымдастығының бастамасымен басталды. Маңызды сауалды Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдап, арнайы мерекелік күн ретінде бекітті. Осыдан бастап Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесін жетілдіру, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарды дәріптеу.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тікелей сайлауын өткізу тәртібі регламенттеледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуы жасырын дауыс беру кезінде тең, жалпыға бірдей және төте сайлау құқығы, сайлауға еркін және ерікті қатысу принциптеріне негізделеді.
Қазақстанда сайлау өткізудің ережелері, рәсімдері және негізгі принциптері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, сондай-ақ бірқатар басқа нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтті. Теңізді өлке халқы елдің болашағы айқындалатын республикалық референдумға белсенді қатысты. Саяси додаға қатысу қорытындысы бойынша 91,7 пайызды құрады.
Өткен жылдың 31 наурызында шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына өткізілген сайлауға жергілікті халықтың 77,4 пайызы қатысты.
Жыл басында аумақтық сайлау комиссиясының 7 және 56 сайлау учаскенің 336 мүшесі 5 жылға сайланды.
4 аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы заң шеңберінде өткізілді.Атап айтқанда, Сазды, Қосаман, Сапақ ауылдық округтері әкімдерінің жоспарлы сайлауы өтсе, өкілеттік мерзімі аяқталмаған Бөген ауылдық округі әкімінің де сайлауы ұйымдастырылды.
Қосаман, Бөген, Сазды, Сапақ ауылдық округ әкімінекандидат ретінде 14 азамат тіркелді, Оның ішінде, «AMANAT» партиясынан – 1, өзін-өзі ұсынған –13 кандидаттіркелді. Аталған сайлауға барлығы 2 171 сайлаушының 1 607 қатысып, 74 пайызды құрады.                         
Әкімдерді сайлау науқаны барысында 7 дауыс беру учаскесінде жалпы 80 саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің байқаушылары және сенімді өкілдері қатысты.
Ауыл және кент әкімдерін тікелей сайлау биыл да жалғасады. 
2025 жылға жоспар бойынша өкілеттілігі аяқталатын 10 ауылдық ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бар.
Атап айтқанда, сәуір айына Аралқұм ауылдық округі, мамыр – шілде айларына Аманөткел, Райым, Қосжар, Мергенсай, Аққұм, Бекбауыл, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Беларанауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарлануда.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту мақсатында да аумақтық сайлау комиссиясы арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Түрлі кездесулер мен ашық есік күндері өткізіледі. Бұл өз кезегінде қоғамда сайлау мәдениетін көтеру, жас сайлаушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол ашады.

Нұрбек Зағатов,
Арал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы
04 ақпан 2025 ж. 44 0