Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сайлау комиссиясының қорытындысы

Аудандық сайлау комиссиясының қорытындысы

2021 жылы 1 тамызда Арал ауданында Аққұм ауылдық округі бойынша ауылдық округі әкіміне сайлау өтті.
Арал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округінің  әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының нәтижелерін анықтады:
Аққұм ауылдық округтің әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1283 азамат бар, олардың 927 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 35, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Жандаулетов Н.С. – 731, Нұрхожаев Қ.А.– 2, Махажанова З.С.–6 ; Рсалиева М.Р. – 153. Аққұм ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жандаулетов Нурбек Сауренович, 1979 ж.т., уақытша жұмыссыз, «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған, ауылдық округтің Шижаға ауылында тұрады.
Арал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 1 тамыздағы шешімімен Арал ауданының Аққұм ауылдық округінің 2021 жылы 1 тамыздағы сайланған әкімін тіркеді.
Арал аудандық сайлау комиссиясы
02 тамыз 2021 ж. 378 0