Қызылордада ауыл әкімдерін сайлау басталды

Дауыс беру таңғы 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады.Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.Жалпы 2 сайлау округінде 3527 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Барлық учаскелерде азаматтарға тиісті жағдайлар жасалған.
Пандемия жағдайында сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шаралар қабылданған. Сайлауға қатысатын 16 сайлау комиссияларының мүшелері бетперделермен, арнайы қолғаптармен, антисептиктермен жеткілікті түрде қамтылған. Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған.
Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылған.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының ғаламтор беттерінде жергілікті уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.


