Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КОСМЕТИКА ТАҢДАУ БІЛЕСІЗ БЕ?

КОСМЕТИКА ТАҢДАУ БІЛЕСІЗ БЕ?

1. Косметика сатып алған кезде консерватсыз косметикаларды алған жөн. Егер косметикада Paraben free жазуы болса консервантсыз деген сөз.Консервантты касметикалар аллергия, бөртпе тудырады. 

2. Шашқа арналған гель немесе әртүрлi сусабын, бальзамдардың силиконсыз түрiн пайдалануға тырысыңыз.Бұндай сусабындарда silicone free деген жазу болады. 

3. Опаның құрамында тальк болса сiздiң денсаулығыңызға қауiптi.Себебi магнезия силикатынан өндiрiлген тальк өкпенiн қатерлi iciгiне соқтырады.Егер опада talk free жазбасы болса қауiпсiз болып саналады. 

4. Жануарлар майы(Animal Fat) майлы қарандаш, ерiн далабы т.б майлы бояулардың құрамында болады.Жануарлар майы бактериялардың көбеюiне себепшi. Жұқпалы аурулар тудыруы мумкiн. 

5. Рең берушi кремдерде (тональный крем) mineral oil жазбасы болса, мұнайдан өндiрiлгенiн білдiредi. Бұндай крем терiде майлы пленка түзiп, жасушаларды бітейді.Соның салдарынан бет терiсiне бөртпе, ipiңдi безеулер пайда болады. 

6. Кipпiк сүрмесiн сатып аларда fiber free жазбасы барын алғаныңыз дұрыс. Бул силиконсыз әрi сапалы, көз жанарына зияндылығы төмен сүрме екенiн бiлдiредi. Сұлулык, әдемiлiк, әсемдiктiң бағалануы заман талабына сай өзгерiп отыратынын ескерсекте, табиғи сұлулык арқашанда жасанды сұлулықтан артық. 
http://reactor.inform.kz
04 мамыр 2019 ж. 1 209 0